Арай Өмірова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Өмірова Арай – 1987 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз қаласында 1993 жылы Жамбыл атындағы орта мектепке қабылданып, 2004 жылы бітіреді. Кішкентайынан ән мен биге жақын Арай облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірмелеріне қатысқан. Мектеп кезінен әртүрлі байқауларға қатысып жүлдегер атанған. “Super Star Kz” тележобасында бағын сынаған.

2008 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер Қазақ Ұлттық Өнер академиясын “актер шеберлігі” мамандығы бойынша белгілі режиссер Есмұхан Обаевтың сыныбын бітірген.

Б.Атабаевтың “Ақсарай” мюзикл театрында қызмет атқарып, “Қыз-Жібек” спектаклінде Дүрияның, жас қаламгер Шер-Алидің “Я твоя Славасында” Слава ролін сомдаған.

2010 ж . М.Әуезов атындағы театрда актриса.

Сахнадағы рөлдері:

Б.Жәкиевтің "Жүрейік жүрек ауыртпайында" Немере (реж. Е.Обаев),  Д.Исабековтың “Жаужүрегінде” Татьяна (реж. Е.Обаев), М.Сәрсекенің “Тендерге түскен келіншегінде” Айнагүл (реж. О.Кенебаев), И.Сапарбайдың “Қыз мұңында” Айгүл (реж. Е.Обаев), Ш.Мұртазаның “Ай мен Айшасында” Тотия (реж. Т. әл-Тарази), И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" Мадонна (реж. А.Әшімов), У.Шекспирдің "Лир патшасында" Корделия (реж. Е.Нұрсұлтан), Б.Брехтің "Көкектің әнінде" Виксен (реж. Е.Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Асия (реж. Е.Обаев) т.б.