Елжан Тұрыс

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Тұрыс  Елжан Берліқожаұлы, актер.

1987ж.  Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында дүниеге келді.

2005ж. Қазақ Ұлттық  Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, 2009ж. актер мамандығына ие болды.  Сол жылы радио саласында, дубляжда жұмыс істеді. 2010ж. М.Әуезов атындағы  академиялық драма театрының  актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Жапал (реж. Х.Әмір-Темір), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..» комедиясында Рома (реж. М.Ахманов),  Т.Нұрмағанбетовтің  «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, "Қожанасырында" Қырғыз, (реж. Ә.Рахимов), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Кезбе (реж.О.Кенебаев), Ғ.Есімнің «Таңсұлу» драмасы (реж.А.Кәкішева) Бала, Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасында Барысхан, І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Сүйіншік (реж. А.Кәкішева), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Кәріс шал (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  М.Кәрімнің «Күнәһарында» («Ай тұтылған түн»  Ишмұрза (реж. О.Кенебаев), А.Д Эннери мен Ф. Дюмануардың "Дон Сезар де Базанында" Ласарильо, И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" Пух (реж. А.Әшімов), т.б.

Кинорольдері:

«Жаужүрек мың балада» Қымызшы (реж. А.Сатаев,«Қазақфильм»).