Ғалымбек Оспанов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Оспанов Ғалымбек, актер.

1991 ж. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бозкөл ауылында дүниеге келген.

1998-2009 жж. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Теріс ауылына қарасты №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алды.

2009-2013 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының “Театр өнері” факультетін “Музыкалық драма театрының актері" мамандығы бойынша оқып, үздік дипломға бітірді.

2013 ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері.

Сахнадағы негізгі рөлдері:

Ғ.Есімнің “Таңсұлу” драмасында Қалмақ бегі (реж. А.Кәкішева), У.Шекспирдің “Ромео-Джульеттасында” Тибальт (реж. О.Салимов), “Отеллосында”  сенат қызметкері (реж. Н.Птушкина), Д.Эннери мен Ф.Дюмануардың "Дон Сезар де Базанында" Дон Сезар де Базан (ауд. және реж. Ә.Рахимов), И.Вовнянконың “Қаза мен жазасында” Адвокат (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Шумилов (реж. А.Маемиров), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жайық - Ақеділдің ағасы (реж. А.Кәкішева) т.б.

Жақсы ән айтатын актер спектакльдердің көпшілігінде сәтті көрініп келеді және қалалық көпшілік концерттерді жүргізеді.