Ажарлым Бақытжанова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бақытжанова Ажарлым Мағзұмқызы, актриса

1987 жылы Жамбыл облысында өнерлі отбасында дүниеге келген.

 Ата-анасы Мағзұм және Шалқия Бақытжановтар Ақтөбе қаласының Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында бірі режиссер, бірі актриса болып қызмет істейді.

 1995 жылы Ақтөбе қаласындағы №6.Ғ.Ақтаев атындағы орта мектепке қабылданады.

2006 жылы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне «артист» мамандығына оқуға түседі.

2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білімін жалғастырған.

2013 ж. бастап М.Әуезов театрының актерлік құрамында қызмет етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ғ.Есім “Таңсұлу” Таңсұлу (реж. А.Кәкішева), Д.Исабеков “Жүз жылдық махаббат” Мадина (реж. А.Кәкішева), Ш.Мұртаза “Ай мен Айша” Айдай (сахн. нұсқа Е.Жуасбек, реж. Т.әл-Тарази), И.Вовнянко “Қаза мен жаза” Әсел (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров), У.Шекспир “Отелло” Музыкант (ауд. М.Әуезов, сахн. нұсқа Ә.Бөпежанова, реж. Н.Птушкина), И.Сапарбай "Сыған серенадасы" Сағыныш (реж. Е.Обаев), И.Сапарбай "Қыз мұңы" Қарагөз (реж. Е.Обаев), Р.Отарбаев "Бейбарыс сұлтан" Пұлжетпес (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Н.Оразалин "Шырақ жанған түн" Қыз (реж. Н.Жақыпбай), А.Володин "Қоштасқым келмейді..." Беляева, Судья (реж. А.Маемиров), І.Есенберлин "Алмас қылыш" Гүлбаһрам патшайым (реж. А.Кәкішева), Д.Исабеков "Жаужүрек" Марфа (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Люба-Украин қызы (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Дүрия (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.

 

Дәстүрлі және заманауи әндердің орындаушысы.

Көпшілік, ойын-сауықтық бағдарламалар жүргізушісі.