Мерей Мұхтарұлы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Мерей Мұхтарұлы, актер

1990 жылы 14 наурызда Алматы облысы Куйбышев ауылында дүниеге келген.

 2005-2009жж.Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің «Хорды дирижерлік ету» мамандығы бойынша білім алған.

2009-2013жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.

 2013 жылдан бері театрда қызмет істейді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда:

Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббатында» Мағжан (реж. А.Кәкішева), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің “Қазақтарында” Тұлымды (реж. Т.әл-Тарази), М.Әуезовтің “Абайында” Ақылбай (реж. Е.Обаев), Ғ.Есімнің “Таңсұлуында” Баласы (реж. А.Кәкішева), И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" полиция, Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында 2-жендет (реж. Е.Обаев), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жасұлан-Ауылбасының ұлы (реж. А.Кәкішева) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: У.Шекпирдің «Ромео мен Джульеттасында» Ромео (реж. О.Салимов), У.Шекспирдің “Отеллосында” Родриго (реж. Н.Птушкина), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Фотограф (реж.А. Маемиров), т.б.