Мадина Келгенбай

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Келгенбай Мадина Өтегенқызы, актриса

1995 жылдың Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.

2001 жылы ауылдық округтің Қожбанбет би атындағы мектебіне қабылданып, жасынан түрлі қоғамдық шараларға белсене атсалысады.

2010-2013 жж.Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының колледжінде білім алған.

 Сахнадағы негізгі ролдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» аңыз-дастанында Сарын-Ару (реж. Й.Вайткус), И.А.Вовнянконың “Қаза мен жазасында” Клеопатра (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Әшімов, С.Асқаров), У.Шекспирдің “Отеллосында” Дездемона (ауд. М.Әуезов, сахн. нұсқа Ә.Бөпежанова, реж. Н.М.Птушкина), Д.Исабековтің “Жүз жылдық махаббатында” Хатшы қыз (ауд. О.Қыйқымов, реж. А.Кәкішева) т.б.

Жетістіктері:

2008 жылы «Жаркент аруы», 2010 жылы «Жетісу аруы» байқауында бас жүлдені иеленсе, 2011 жылы І Дүниежүзілік «Қазақ аруы» байқауында 2-орыннан көрінді.