Нүкетай Мышбаева

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Мышбаева Нүкетай, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері.

1936 ж. Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданында дүниеге келді.

1954-1959 жж. Құрманғазы атындағы Консерваторияның театр бөлімін оқып-бітірді.

1959 жылы  М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының шығармашылық тобына  қабылданды. Содан бері үзіліссіз осы сахнада еңбек етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық драматургияда – Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-айында» Айсұлу, Ә. Тәжібаевтың «Той боларда» қойылымында Айбала, Қ. Мұхамеджановтың «Құдағи келіптісінде» Марфуға, Ә. Тәжібаевтің «Майрасында» Майра,  Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Ақбала,  Ш. Құсайыновтың «Алдар Көсесінде» Меңсұлу, М. Әуезовтің «Түнгі сарынында», «Абайында», «Қарагөзінде» Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала, Т. Ахтановтың «Күтпеген кездесуінде»  Ғалия, С. Жүнісовтің «Ажар мен ажалында» Ажар, А. Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында», «Қыздай жесір – штат қысқартуында" Хатшы әйел,  Ұрқия, «Абай десем…»  қойылымында Ұлжан,  М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында!» Иіс кемпір,  Б. Мұқайдың «Өмірзаясында»  Кейіпкер, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде»  Әйел, Т. Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында»  Гүлбарам т.б.

Әлемдік және бауырлас елдер драматургиясында – Ш. Айтматовтың  «Ана-Жер-анасында» Әлиман, «Ақ кемесінде» Бекей, Ф. Бөлековтің  «Отыз ұлың болғаншасында…» Фатима, Т. Муродтың «Ат жылаған түнінде» Сұлтан кемпір,  Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында»  Күтуші кемпір, Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында…» Күлегеш әйел т.б.

«Театр көктемі» фестивалінің жүлдегері.

Актриса «Болашақ» сериалында Майра апа (реж. С. Тәуекелов), «Хабар» телеарнасындағы  «Бірлігіміз жарасқан» жобасында Апа ролін орындады.

Көрерменге кезіндегі «Қымызхана» телетеатры, әншілігімен де жақсы танымал, бүгіндері театрдың аға буыны өкілінің өнердегі еңбегі лайықты бағаланып, «ҚазКСР еңбек сіңірген артисі» (1976), ҚP халық артисі (1991) құрметті атағын және  «Парасат» орденін (2010),  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016).