Рашида Хаджиева

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Хаджиева Рашида Ғалиақбарқызы,

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Ақмола, қазіргі Астана қаласында дүниеге келді.

1968-1972жж. Мәскеудің Щепкин атындағы  жоғарғы театр  оқу орнын қазақ тобы құрамында   профессор, Кіші театрдың режиссері М.Н. Гладковтың шеберханасында оқып, қызыл дипломмен бітіріп шықты.

1972ж. жолдама бойынша  курстастарымен бірге Торғай облысы Арқалық қаласындағы музыкалық драма театрын ашты. Торғай облысы тараған соң театр  Жезқазған қаласына қоныс аударды.

1997ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында еңбек етеді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Текті (реж. Б.Атабаев), «Абайында»  Зейнеп (реж. Е.Обаев),  «Айман-Шолпанында»  Шолпан (реж. Ж.Есенбеков), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Мақпал (реж. Ж.Хаджиев), М.Әуезовтің «Абай» романы желісімен жазылған «Ерте ояндым, ойландым» драмасында Қаныкей (реж.Ж.Хаджиев), Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Дариға (реж. Ж.Хаджиев), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Ақбала (реж.Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Назгүл (реж.Е.Обаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қамажай (реж.Б.Омаров), С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Фарида (реж. Ә.Рахимов), М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Сәлима (реж.Б.Атабаев),  Ә.Әмзеевтің «Қара кемпірінде» Қара кемпір (реж.Е.Обаев), С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Ана (реж.Ә.Рахимов), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..» комедиясында  Сары апа (реж. М.Ахманов) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Шафақ (реж. М.Гладков), М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Елена Сергеевна (реж. О.Кенебаев), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» леди Капулетти (реж.О.Салимов), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Бәйбіше (реж.Е.Обаев), түрік драматургы Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Әйел (реж.А.Кәкішева),  Ф.Буляковтың «Отыз ұлың болғанша» комедиясында Ақлима (реж. Ә.Рахимов) т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.

Кинорольдері:  

«Ағайындылар» сериалында Анельдің анасы (реж. А.Сатаев, 2009), «Айналайын» - Қаладағы құдағи (реж. С.Нарымбетов, 2010);

1998ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында дәріс берді, доцент.

ҚР еңбек сіңірген артисі (1987), Қазақстан Жоғарғы Президиумының Құрмет

 грамотасы (1973), «Құрмет» орденінің иегері (2012).