Бауыржан Манжігітов

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Манжігітов Бауыржан Бекжанұлы, актер

 1985ж.  Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы,  Жетісай қаласында дүниеге келді.

2003-2008жж.  Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды.

2005-2008жж. «Ақсарай» мюзикл театрының актері болды.

2008ж. бастап М.Әуезов драма театрында актерлік қызметте.

Сахнадағы негізгі рольдері:

«Ақсарай» театрында: –Ғ.Мүсіреповтің «Қыз-Жібегінде» Базарбай, Шиллердің «Махаббат пен зұлымдығында»  Вурм, «Муха-Цокотухада» Өрмекші, «Адуынды  гномдар»  Кактус, Аяз Ата.

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда –  М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Тәшмәт әкә, «Абайында» Мес, Әзімхан (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Матақ (Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Ыбырай (сахналық нұсқасы.Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Кико (реж. Ә.Рахимов), Ә.Рахимовтың "Қылмыскерлікке куәлігінде" Аладорба (реж. Ә.Рахимов), «Қожанасыр тірі екенінде» Өзбек (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» цирк директоры (реж. Е.Обаев), «Мұрагерлерінде» Жұмысшы,  М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Кезбе, С.Асылбекұлының «Империядағы" кешінде» Фараби (реж.А.Кәкішева), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» 1-полицей (реж. Т.Аралбай, Е.Обаев), Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Жаушы (реж.Т:Әл-Тарази), Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» реквиемінде Олжабай (реж.О.Кенебаев),  Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Ахат (реж.Ә.Рахимов), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» монтер (реж.Н.Жақыпбай),  Т.Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» қойылымында  дәрігер  (реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтанында" Айбек (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Қарақожа-Керей батыры (реж.А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің  "Ақан сері - Ақтоқтысында" Мылқау балуан (реж. Қ.Адылов), Қ.Мұраттың "Бақыт кілтінде" 3-жендет (реж. Е.Обаев), М.Омарованың "Көмбе нанның дәнінде" Бригадир (реж. А.Кәкішева) т.б.У.Шекспирдің "Ромео мен Джульеттасында" Парис (реж. А.Кәкішева), Қ.Мұраттың "Бақыт кілтінде" 3-жендет (реж. Е.Обаев), М.Омарованың "Көмбе нанның дәнінде" Бригадир (реж. А.Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында 3-жендет (реж. Е.Обаев)  т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда– Н.Гогольдің «Үйленуінде» Стариков, Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Жігіт (ауд. О.Қыйқымов, реж. В.Захаров,  А.Кәкішева), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Андрей (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Беляев, Судья (реж.А.Маемиров), Еврипидтің "Медеясында" Креонт (реж. А.Қабдешова), У.Шекспирдің "Ромео мен Джульеттасында" Парис (реж. А.Кәкішева) т.б.

Кино рольдері:

"Мәңгі өмір сүргің келсе" Индус (реж. Е.Рахышев), "Дәрігер Ахметова" Бандит (реж. Д. Карабецский), "Ғашық жүрек - 2" Біржан (реж. А.Ұзабаев), "Базарбаевтар отбасы" 2 маусым Өрікбай, "Парыз" Айбек (реж. Ж.Пошанов), "Жаным-2" Бизнесмен (реж. А.Дайырбеков), "Городские легенды" Жандос (А.Мусакулов), "Вузеры" 3 маусым бандит Қанат, "Қызыл жолбарыс" Жоңғар қолбасшысы, "Таңдау" Полицей (реж. Н.Әлмұрат), "Әр үйдің сыры басқа" Ержан, "Сырты бүтін" Жарас, "Күлегеш" бірнеше сериялында әртүрлі рольде (реж. Ш.Әбдіков, Ж.Дүйсенбаев), "Чужие дети" қылмыскер, "Айман - Шолпан" Ержан, "Қазақ аруы" Коммерсант, "Тағдыр тартысы" Дәрігер т.б.

"Атамекен", "Қымызхана" т.б. телебағдарламаларға түскен. Бейне-баяндар мен жарнамаларға түсіп жүр, сонымен қатар дубляж саласында да жұмыс істейді. 

Көрнекті актриса Ш.Жандарбековаға арналған «Театр көктемі-2012» фестивалінің жүлдегері.