Максим Абзалбек Асхатұлы, актер
1993 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты өңірінде дүниеге келген.
2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық драма» мамандығы бойынша білім алды.
2013-2015 жж аралығында Астана Жастар театрында актер қызметін атқарды.
2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.
Астана Жастар театрындағы рольдері:
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» - Жантас
Н.Оразалин «Ақ құс туралы аңыз» - Ақ құс
С.Қасымбек "Наурыз ару" - Құлыншақ
М.Әуезов театрындағы рольдері:
А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде..." - Митя, І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" - Сүйіншік, М.Омарованың "Ақтастағы Ахикосында" Ахмет ақын, Қ.Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында 1-жендет (реж. Е.Обаев) т.б.
Жетістіктері:
2009 жылы О.Бөкей оқуларының Гран-при жүлдегері.
2009 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық Махамбет оқуларының Гран-при жүлдегері.
2010 жылы Республикалық әдебиет пәні байқауының Гран-при иегері.
2013 жылы ГИТИС-те өткен (Мәскеу) «режиссура және әдебиеттану» Халықаралық байқауының лауреаты.