Дәуір Анарбай

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Анарбай Дәуір Нұрланұлы, актер

1995 ж. 24 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келді.

2012 ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләловтің шеберханасына түсіп, «музыкалық театр және кино әртісі» мамандығы бойынша білім алды.

2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Миронов (реж. А.Маемиров), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Мұхамед-Шайбани (реж. А.Кәкішева), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Бала (реж. Е.Обаев), М.Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Махмуд-түрік бала (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Сансызбай (реж.Е.Нұрсұлтан).

Жетістіктері:

І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» тарихи драмасындағы Мұхамед-Шайбани ролі үшін Х.Елебекова атындағы «Театр көктемі - 2016» фестивалінің «Үздік дебют - Тұсаукесер» жүлдесін иеленді.