Қуаныш Бейсағалиев

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бейсағалиев Қуаныш Ғалиұлы, актер

1993 ж. 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында дүниеге келді.

2012 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Көркем сөз» мамандығын бітіріп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләловтің шеберханасына түсті. Қазіргі уақытта «музыкалық драма актері» мамандығы бойынша білім алды.

2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Валера (реж. А.Маемиров), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Бұрындық (реж. А.Кәкішева), Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұрысында» Шәкірт (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Серікбай (реж.Ә.Рахимов), У.Шекспирдің «Гамлетінде» Қабірші (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Жасұлан-Ауылбасының ұлы (реж. А.Кәкішева) .

Жетістіктері: І.Есенберлиннің «Алмас қылышы» тарихи драмасындағы Бұрындық ролі үшін Х.Елебекова атындағы «Театр көктемі - 2016» фестивалінің «Үздік дебют - Тұсаукесер» жүлдесін иеленді.