Динара Үсенова

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Үсенова Динара Оңғалбекқызы, актриса

1995 ж. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында дүниеге келді.

2012 ж. Шу қаласында Төле би мектеп-гимназиясын бітіріп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсті.

2015 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ғ.Мүсіреповтің "Махаббат дастанында" Баян (реж.Қ.Сүгірбеков), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Ирина, Лариса (реж. А.Маемиров), Иран-Ғайыптың "Қорқыттың көрі" аңыз-дастанында Сарын ару (реж.И.Вайткус), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Гулбахрам (реж.А.Какишева),  У.Шекспирдің «Лир патшасында» Корделия (реж. Е.Нұрсұлтан), С.Мұқановтың "Мөлдір махаббатында" Бәтес (реж. Ә.Рахимов), М.Омарованың "Көмбе нанның дәмінде" Зухра (реж. А.Кәкішева),  Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қарлығаш (реж.Е.Нұрсұлтан), Б.Жәкиевтің "Жүрейік жүрек ауыртпайында" Немере (реж.Е.Обаев),  А.Аламанның "#ЖүрегімніңИесінде" Жансая (реж.А.Оспанбаева)