Қолғанат Мұрат

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

1987 ж 1 қазанда дүниеге келген.

2005-2009  жж. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік  университетінің «құрылысшы» мамандығын оқыды;

2009-2011 жж. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығын ҚР мәдениет қайраткері Құдайберген Насыровтың  шеберханасынан аяқтады.  

2011-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығын Дулат Исабековтың шеберханасы бойынша бітірді;

Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің  2-курс  магистрі.

Пьесалары:

“Шырмаудағы ғұмыр” (2013),“Қуыршақ” (2013), “Шырғалаң” (2014), “Алмашы үміт” (2015), “Түнек” (2015), “Пони” (2016), “Cаусақ” ( 2016), “Бақыт кілті” (2016) .

Жетістіктері:

-        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген ҚР және РФ театр оқу орындары мен театр жастарының I аймақтық эксперименталдық фестиваль-лабораториясында  «Тағдыр» қойылымы үшін алғыс хатпен марапатталды (2011).

-   М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 18-40 жасқа жасқа дейінгі  драматургтер арасында жарияланған республикалық «Замандас келбеті» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы байқау жеңімпазы болып танылды  (2015).

- Республикалық тәуелсіз әдеби «Алтын қалам 2015» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы «Жылдың үздік драматургиясы және киносценарийі» номинациясына ие болды (2015).

- «Пони» пьесасы Шымкентте ұйымдастырылған  Республикалық  «Тәуелсіздік толғауы» байқауында 3-орын иеленді (2016).