Наргиз Тамабекқызы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Наргиз Тамабекқызы 1969 жылы дүниеге келді.

1986-1991 жылдары  Қазақ Мемлекеттік С.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) университеттің тарих факультетін музейтанушы мамандығы бойынша оқып-бітірді. Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Орталық музейінің насихат, жарнама және экскурсиялық қызмет бөлімінде экскурсия жетекшісі болып бастады.

1996 жылдың шілде айында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының музейіне  ауысып келді, содан бері үзіліссіз осында еңбек етеді. 1996-2010 жылдар аралығында  музейдің аға ғылыми қызметкері бола жүріп мәдени-санаткерлік шараларды ұйымдастыру мен өткізуден үлкен тәжірибе жинақтады және театр музейінің ғылыми-шығармашылық жұмысының жолға қойылуына елеулі үлес қосты

Театр өнері – қас-қағымдық өнер.  Сондықтан да бір кеште басталып, бір-екі сағат ғана ғұмыр кешетін ерекшелігі бар сахна өнері үшін музейдің орны ерекше.  2010 жылдан музейге  басшылық жасауға кіріскенде Н.Асанжанованың жұмыс  пен жауапкершілік аясы кеңейіп, музейдің жұмысы жандана түсті. Бұл ретте ол басшы ретінде музей қорын толықтыру, зерттеу және оны насихаттау мен сақталуын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асыруда.  Музей театр тарихын жинақтаушы ғана емес, сол тарихты және бүгінді өзектендіру мәселесіне ерекше мән беруде. Мұның жарқын  бір көрінісі -  2013 жылдың күзінде екі залдан тұратын театр музейінің жаңадан ашылуын ұйымдастыруы. Театрдың төртінші қабатындағы  бұл музейді  бүгінде көрермендер үлкен ықыласпен  тамашалайды.  Театрдың мерейтойлық көрмелері, жекелеген актерлердің шығармашылығы, сондай-ақ өзге де  тақырыптық көрмелердің кәсіби жоғары деңгейде ұйымдастырылуында Наргиздің үлкен еңбегі мен шығармашылығы жатыр. Ол сонымен қатар  Астанаға Ә.Мәмбетовтің 75-жылдығына,   А.Әшімовтің 70-жылдығына,  Қостанайға Қ.Бадыровтың 100-жылдығына, Талдықорғанда Б.Римованың 85жылдығына көрме, Қызылордаға С.Майқанованың 95-жылдығына арналған көрмелер апарып ұйымдастырды.

Н.Асанжанованың шығармашыл музейтанушы екенін атап айту орынды. Ол соңғы он шақты жыл ішінде БАҚ беттерінде театр тарихына байланысты мақалалар жариялап, ЭБАҚ-та сұхбаттар берді.   Республика  баспаларынан театрдың 80-жылдығына арналған кітап–альбом, актерлер  Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, С.Майқанова, Н.Мышбаева, Қ.Сұлтанбаев, М.Нүрекеев, Р.Әуезбаева, Ә.Өмірзақова (кітап-альбомының ұүрастырушысы), режиссер Е.Обаевтың альбомдарын шығаруға атсалысты.

Театр өнерінің насихатталуына, актуализациялануына сіңірген еңбегі үшін Н.Асанжанова 2013ж. ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен,  дипломдарымен марапатталды. Ал, ұжымы оның кәсібилігі, шығармашылдығы және биік адамгершілігі үшін сыйлайды.   

2015жылы Халықаралық театр күніне орай «Қазақстан театр қайраткерлері Одағының», « Құрмет грамотасымен» марапатталды

2015-2016 жылдары  «Хабар» агенттігінің  «Білім және мәдениет» телеарнасында «Өмір. Театр. Кино» бағдарламасына (30-бағдарлама)  қазақ өнерінің тарландары жайлы ақпарат беріп ,рубрика жүргізді. 2016ж, «Хабар» агенттігінің алғыс хаты берілді.

2016 жылы қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 90-жылдық мерейтойына кешенді көрме ұйымдастырды.

Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан республикасы Ұлттық музейінде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдық мерейтойына, театр мұражайының «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрме»  ұйымдастырды.

   EXPO-2017  Халықаралық көрмесі аясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі , Мемлекеттік сыйлықтардың иегері А.Әшімовтің 80-жылдық мерейтойына арналған «Астана» Халықаралық театрлар фестиваліне арнайы көрме ұйымдастырды.

2017 жылы театрдың 92 маусымының ашылуына -- Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығына орай  «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме ұйымдастырды.  Алматы қаласында орналасқан 8 театрдың басын қосып, театрлар тарихын бір арнада тоғыстырды. Осы шараға орай алғаш рет М.Әуезов театрының альбомының  және 8 театрдың бірлескен каталогының авторы болды.

2017 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында Қазақстанның мәдениет және спорт министірлігінің «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» халықаралық жобасы бойынша М.Әуезов академиялық драма театрының Жапонияның Токио қаласында өткен «Рухани қазына» атты көрмесін ұйымдастырды.

2018 жылы  9-наурыз күні КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты Қ.Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына арнайы кешенді көрме ұйымдастырды.

2018 жылы 15-18 наурыз аралығында Алматы метросының М.Әуезов театры бекетінде Халықаралық театрлар күні мейрамының қарсаңында және театр музейінің 50-жылдық мерейтойының аясында «Театр әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.

2018 жылы театр музейінің «Театр әлемі» атты көрмесін М.Әуезов театрының Ақтөбе және Орал қалаларындағы гастрольдік сапарына алғаш рет  арнайы ұйымдастырды.

2018 жылдың 24 мамырында Театр музейінің құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілген «Театр музейінің түні» атты көрме ұйымдастырды