Бақыт Беделханұлы

Алдағы қойылымдар:

Өкінішке орай қойылымдар табылмады

Бақыт Беделханұлы

Ақын-драматург

Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты

1975 жылы 22-наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Тәуелсіздік алған жылдары әдебиетке келген жас қаламгерлердің арасындағы өзіндік қолтаңбасын ертерек қалыптастырған ақын. «Алтынкөпірліктер» деп аталатын сол кезеңнің белді өкілі.

Алғашқы жыр жинағы - «Кең дүние», сонымен қатар «Көкемарал», «Жалғыздықтың жанары» өлең кітаптарының авторы. «Қанталапай» киносценариі экрандалып, «Махамбет», «Ұлым, саған айтам...», «Тағдыр тақтасы» атты драмалық шығармалары таетрларда сахналанған.

2011 жылы жарық көрген «Уақыттың жүрегі» атты поэма,толғау, балладалардан тұратын кітабы Халықаралық Алаш әдеби сыйлығына лайық деп табылды.

Бұл жинақ - тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылдың аясындағы уақыт жүрегінің соғысымен үндес,мұңдас, сырлас...

Поэма-толғаулары да өз оқырманын бей-жай қалдырмайды.