Әлия Бөпежанова


Бөпежанова Әлия Қахарманқызы,

әдебиет  бөлімінің меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Журналистер Академиясының академигi.

 

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.

 

Қазақтың Мемлекеттiк Қыздар педагогикалық университетінің филология факультетiн (1973), Қазақ Мемлекеттiк әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң аспирантурасын (1978) бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімдігінен бастаған.  

 

«Қазақ әдебиеті» (1980-2001), «Алтын Орда» (2001-2004) апталықтарында, «Хабар»  (2001-2013) агенттігінде  қызмет еткен.

 

М.Әуезов  академдрама театры  әдебиет бөлімінің меңгерушісі  (1993-1998) және 2008 жылдан бері.

 

Әдебиет, театр, мәдениет туралы «Өрнектер» (1991), «Дүние – имани құбылыс» (2001), «Өнер – жеке тәжірибе» (2007), «Мәдениет – жасампаз сана» (2008), «Атырау драма театры» (2015) кітаптарының;

 

Көрнекті жазушы-драматург А.Сүлейменов шығармашылығынан бірнеше кітаптың (1999-2009), көрнекті  актерлер Ф.Шәріпова (2006), Ә.Молдабеков (2008), Е.Жайсаңбаев (2011), Х.Елебекова (2012), сондай-ақ Т.Тасыбекова (2013), көрнекті режиссерлер Е.Обаев (2011), С.Нарымбетов (2008, 2016) кітап жобаларының; бірнеше деректі фильм сценарийінің авторы. Мақалалары шетел басылымдарында жарық көрген.

 

Е.Замятиннiң «Едiл патша» («Аттила», 1996), А.П.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» (2013), У.Шекспирдің «Отелло» (сахналық нұсқа),  И.Какабадзенің «Үш ару» (2014), Т.МакНеллидің «Мария Каллас.Сабақ»,  Г.В.Томскийдің «Аттила мен Аэций» (2017),  т.б. пьесаларды; 

 

«Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасымен Леви-Стросс, Д.Бидни, Ральф, Малиновскийлердің философиялық еңбектерін  (2005), бірнеше көркем және деректі фильмді  қазақ тіліне  аударған.

 

Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында «Қазiргi өнер сыны»  авторлық бағдарламасын, сондай-ақ арнаулы курстар (2003-2014) оқыды.

 

Көптеген әдебиет, өнер байқауларының сарапшысы. Республикалық театр фестивальдары Қазылар алқасының мүшесі; Халықаралық, республикалық семинарларда шеберлік сабақтарын өткізген. Бірнеше журналдың редколлегия мүшесі. Қоғамдық қорлар сыйлықтарымен  марапатталған.

 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003). Қазақстан Журналистер Академиясының академигi (2001).

ҚР Президентiнiң Құрмет грамотасымен (1995), «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» (2011),  «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы»,  медальдарымен (2016)  марапатталған.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2012).