Мұрат Сапаров

Сапаров Мұрат Исмайылұлы, театрдың суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

 1990-1995жж. Республикалық О.Таңсықбаев атындағы Көркемсурет училищесінің сценография бөлімінде, 1995-2000жж. Қазақ мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының сценография, театр-кино және телевидениенің қоюшы-суретшісі бөлімін бітірді. 2000-2002ж. Алматы Неміс театрында сценограф болып қызмет етті. 2002ж.-дан М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында  қызмет етеді. Бір неше көрмелерге катысты. 2010-2014ж. бас сүретші болып істеді.

Алматы Неміс театрының спектакльдері:

«Пингвины в Африке» (ертегі), «Брехун» авт.Олександр Ирванец (Украина) реж. Андрей Критенко (Германия), «Norway.Today» психологиялық клоунада авт.Игорь Бауэршима (Швейцария), реж.Виктор Немченко (Казахстан)

М.Әуезов театрындағы спектакльдері:

«Апат» (Апокалипсис, И.Вовнянко. реж. Ә.Рахимов), «Ақын, Періште, Махаббат». (Ә.Тарази, реж.Ә.Рахимов), «Сыған серенадасы». (И.Сапарбай, реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), «Қара кемпір». (Ә.Әмзеұлы. реж. Е.Обаев), «Актриса» (Д.Исабеков. реж.Н.Жұманиязов), «Күнәһар» («Ай тұтылған түн». М.Кәрім, реж. О.Кенебаев), «Күзгі романс» (С.Асылбекұлы. реж. Ә.Рахимов), «Құдалар» (Е.Уахитов. реж. Ә.Рахимов), «Бәкей қыз» (Т.Мәмесейітов. реж. Ә.Рахимов). «Қожанасыр тірі екен» (Т.Нұрмағамбетов, реж. О.Кенебаев), «Еңлік-Кебек» (М.Әуезов. реж. Х.Әмір-Темір), «Шырақ жанған түн» (Н.Оразалин, реж. Н.Жақыпбай), «Қыз мұңы» (И.Сапарбай, реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), «Сағыныш пен Елес» (С.Балғабаев, реж. Ә.Рахимов), Шәкәрім (реж. және авт. Ә.Рахимов), «Мен ішпеген у бар ма?» (Иран Ғайып, реж. О.Кенебаев), «Жүз жылдық махаббат» (Д.Исабеков, реж. А.Кәкішева), «Ай мен Айша» (Ш.Мұртаза, сахн. нұсқа Е.Жуасбек, реж. Т.әл-Тарази) Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Алмас қылыш» авт. ільяс Есенберлин   реж.Алма Кәкішева  «Бақыт кілті» авт.Қолғанат Мұрат реж. Е.Обаев, «Адасқақ» авт.Асқар Сүлейменов, реж. Ә.Рахимов. А.Борамбайдын «ТТТ» театрында «Сюрприз» авт.Олег Антонов, реж. Еслям Нуртазин

Республика телеарналарындағы бірнеше   телебағдарламаның  да қоюшы суретшісі.

Театрдың бас суретшісі ретінде де көп еңбек тындырып жүрген ол режиссерлермен біріге отырып, сахна кеңістігін игеруде шеберлік танытады. Мәдениеті жоғары, театр өнеріне шын жүрегімен берілген суретшінің қойылымдары философиялық ой тереңдігімен, сахналық сымбатымен, уақыттың талабына сай көркемдік-эстетикалық ізденістерімен бағалы.

Қатысқан көрмелері:

Алматы қ-сы,Мемлекеттік орталық музейдегі сценографтар көрмесі (2005ж),

Алматы қ-сы, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейіндегі  көрме (1997ж, «Көксерек» галереясымен   бірігіп).

Астана қ-сы Суретші-сценографтардың  өткен көрмесі (2007ж).

Астана қ-сы Өзінің жеке каталогы жарық көрді (2007ж).

ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2011).

Қарағанды қ-сы 1-ші Республикалық театр суретшілерінің көрмесі және ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы, 2011ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конкурстық жұмыстардың каталогында жарияланған. 2016 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды.