Ерік Әдісбек

Әдісбек Ерік  Әбдіманапұлы, театрдың қойылым бөлімінің меңгерушісі, “Құрмет” орденінің иегері, Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі.

1956 жылы 2 мамырда Алматы облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген.

1973ж. Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институтының көркемсурет факультетін бітірген. Еңбек жолын сол кездегі Талдықорған облысы Панфилов ауданының Сарыбел селосында орта мектепте сурет өнерінен мұғалім болып бастады.

1982ж. М.Әуезов театрына суретші-декоратор қызметіне қабылданды, бүгінде қойылым бөлімінің меңгерушісі. Сахнаға шығатын спектакльдермен қатар театрдың шет елдегі сапарларында да  шығармашылық қойылым жағын сәтті басқарып келеді.

Қоюшы-суретші, сценограф ретінде спектакльдер көркемдейді.

Қоюшы-суретші орайындағы театрдағы жұмыстары:

«Турандот ханшайым» (К.Гоцци, режиссері Т.әл-Тарази), «Тұзды шөл» (М.Ғапаров, Т.әл-Тарази), «Алатау сынды алыбым» (Қ.Ысқақ, Ә.Тарази, реж.Қ.Сүгірбеков), «Ғашықтар» (І.Есенберлин, Қ.Сүгірбеков), «Мың бір түн» (В.Смехов, реж.Т.Аралбай), «Құбылыс» (Ф.Кафка, реж.Қ.Сүгірбеков), «Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң?» (Д.Амантай, реж.Қ.Сүгірбеков), «Жуастан-жуан» (В.Покровский, реж.Н.Тұтов), «Томирис» (Шахимарден, реж.Т.Әл-Тарази), «Қазақтар» (Қ.Ысқақ, Шахимарден), «Ескі үймен қоштасу» (Т.Нұрмағанбетов, реж.Е.Обаев), «Көктөбедегі кездесу» (Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматов, реж.О.Кенебай), «Мұрагерлер» (Д.Исабеков, реж. О.Кенебай).

Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында  «Алдар көсе», «Шибөрі», «Есеней-Ұлпан», сондай-ақ облыстық театрларда бірнеше спектакль көркемдеді.

Театрдың дәстүрлі  «Театр көктемі» фестивалінде бірнеше рет  «Үздік сценограф» жүлдесіне ие болған.

Қарағандыда, Астанада, сондай-ақ  Ә.Қастеевтің 100 жылдығына  орай Талдықорғанда өткен суретшілер көрмелеріне қатысқан.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2011).

«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011).

«Құрмет» орденінің иегері (2013).