Мадина Омарова

Омарова Мадина Мырзахметқызы, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын журналист болып бастап, ұзақ жылдар бойы республикалық  БАҚ пен ЭБАҚ-та қызмет еткен.

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 2013 ж. бастап  драматург болып қызмет етеді.

«Ана ғұмыр» (2007ж), «Қадір түні» (2009ж) прозалық жинақтарының авторы. Шығармалары көптеген ұжымдық жинақтарда, альманахтарда жарияланып жүр. Орыс, ағылшын тілдеріне аударылған.