Есмұханов Мәлік Қуантқанұлы

1971 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Арал қаласындағы «Балық» комбинатында қызмет атқарған.

1991-1995 жылдар аралығында Арал, Байқоңыр және Алматы қалаларында автослесарь, құрылысшы-бригадир, оператор (көтеру  құрылғысы), лаборант, радиотехник қызметкері қызметтерін атқарған.

1995 жылы Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжіне түсіп, 1998 жылы орта-техникалық білім алып шыққан.

1996 жылы театрға дыбыс операторы қызметіне  алынған.

2000-2005 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында дыбыс инженері болып қызмет атқарған.

2006 жылы «Мәдениет қайраткері» белгісімен және театр басшылығының алғыс грамотасымен марапатталған.

2002 жылдан бастап «Радиоцех» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.