Күлбану Есжанқызы Әшімова
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1953 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің хореография бөлімін тәмамдаған.
1996 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін театр және кино актері мамандығын тәмамдаған.
1972-1974 жж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияны оқып бітірді.
1974 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
2004 жылдан Мемлекеттік неміс театрында актерлік құрамға қабылданды.
2018 жылы қайта М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

М. Әуезов театры сахнасындағы негізгі рөлдері:

М. Әуезов «Қарагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Қарагөз,
М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарлығаш,
С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж. Р. Сейтметов) – Нигора,
Т. Ахтанов «Ант» (реж. Ә. Мәмбетов) – қыз,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Камила,
Д. Исабеков «Бүгін мейрам, бүгін той» (реж. А.А. Пашков) – қыз, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Мосфильм» киностудиясының «Шыңғысхан» фильмінде, «Перекресток» телехикаясында және т.б. фильмдерде рөлдер сомдады.