Театр әдебі
Құрметті көрермен!
Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы - М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрына арнағаныңызға үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, театр мәдениетін естен шығармауларыңызды өтінеміз:
Құрметпен,
Театр әкімшілігі
Дресс-код
- Театр — биік мәдениет орны. Мұнда кешкі, сәнді киіммен келген абзал, спорттық үлгідегі киімдер мұнда жараспайтыны әбден белгілі.
Балаларға
- М.Әуезов театры ересек көрермендер аудиториясына арналғандығын естен шығармаңыз. Билет алар алдында спектакльдің жас санатымен мұқият танысуыңызды сұраймыз. 7 жасқа толған балаларға да арнайы билет алынуы керек.
Залдағы тәртіп
- Спектакль алдында ұялы телефондарды «дыбыссыз» режимге қою қажет.
- Көрермен залына арнайы қоңырау соғылған соң бірақ кіріңіз. Қойылымдар үшінші қоңыраудан кейін басталады және сол сәтте көрермен залының есігі жабылады.
- Үшінші қоңыраудан соң залдағы жүріс тоқталуы қажет. Сондықтан, спектакльге кешікпей келуіңізді өтінеміз.
- Спектакль басталған уақытта залға екінші қабат арқылы өтіңіз (Үлкен зал).
- Іс - шараға белгіленген уақыттан 15 минутқа артық кешіккен көрермендер, тіпті билеті бар болған жағдайдың өзінде жіберілмейді.
- Егер билетте көрсетілген орныңыз бос болмаса, тыныштық сақтап, екінші актіге дейін жақын маңдағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз.
- Көрермен залына сырт киіммен кіру және онда бас киіммен отыру өте орынсыз.
- Қатарлар арасынан арқаңызды сахнаға, ал жүзіңізді отырғандарға қарата өткен жөн.
- Театрда темекі шекпеуіңізді және залға тағам, сусын алып кірмеуіңізді өтінеміз.
Спектакль кезінде
- Спектакль кезінде залда тыныштық сақтап, айналаңыздағыларға және сахнадағы артистер ойынына кедергі келтірмеуге тырысыңыз.
- «Авторлық және аралық құқық туралы» заңдар талаптарына байланысты фото және бейнетүсірілімдер жасауға рұқсат етілмейді.
- Гүл шоқтарын ұсыну үшін спектакль аяқталып, сахна шымылдығы жабылғаннан кейін актерлердің көрерменге тағзымға шығатын сәтін күту қажет. Премьераларда спектакль режиссері, суретшісі, т.б. гүл шоқтары да осы кезде ұсынылады.
- Көрермен залынан үзіліс кезінде және спектакль аяқталған соң ғана шығу керектігін де еске саламыз.