М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының мұражайы 53 жылдық тарихы бар үлкен тарихи мекен. Қара шаңырақтың ең қымбат құтханасы өз жұмысын 500-ге жуық жәдігермен бастап, бүгінде олардың саны 200 мыңнан асып отыр.
Тұңғыш Ұлт театрында мұндай тарих қоймасының болуы театр көрермендері үшін де, театр тарихы үшін де аса маңызды. Қазіргі күні музей қоры күн сайын толықтырылып отыр. Қорда 30 жылдардан бастап осы күнге дейінгі қойылымдардың фотосуреттері, афишалары, бағдарламалары, өмірден озған театр әртістерінің өмірбаяны, жеке материалдары, қолжазбалары, алған сыйлықтары сақталған. Сонымен қатар, мұражай қорында үлкен портреттер жинағы, 30 жылдардан бастап көптеген спектакльдерде киілген алғашқы сахналық костюмдер сақтаулы. Пьесалар жинақталып, қайта қалпына келтіріліп, тізімі көбейтіліп жатыр. Қазіргі таңда театр реперуарына еніп жатқан қойылымдарды бейнетаспаға түсіру мүмкіндігі де назарда. Музей қорын студенттер, ақпарат қызметкерлері, театртанушылар пайдалануына да жағдай жасалған.
Театр ғимаратының 4-қабатында орналасқан театр мұражайы көрермендерді қуана қарсы алады! Театрдың мол мұрасын жылдан жылға сақтап, кеңейтіп, дәріптеп жүрген мұражай қызметкерлері қойылым алдында мұражайды аралатып, театр тарихымен, экспонаттармен таныстыруға әрқашан дайын.
Сонымен қатар, алдын ала келісім бойынша жекелеген ұжымдарға арнайы кездесулер мен экскурсиялар ұйымдастыру мәселесі де қарастырылған.
Театр мұражайы
М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының мұражайы
Museum contacts
Contacts:8-727-378-54-80
e-mail: teatrmuzei@mail.ru