ТЕАТРДЫҢ БАҒЫ ДА, СОРЫ ДА РЕЖИССЕР – ЕСМҰХАН ОБАЕВ

Театрдың тамырына ыстық қан тарататын, өн бойына тіршілік отын тұтататын – режиссер. Ал қазіргі қазақ режиссурасының көш басында тұрған тұлға Есмұхан Обаев десек, қателеспейміз. Себебі ол қазақ театрының негізін қалаған жақсы мен жайсаңның көзін көрді. Қазақ театр саңлақтарымен бір сахнада қатар жүрді. Сондықтан да жасампаз шығармашылық иесі, театр қайраткері, профессордың есіл-дерті, әңгімесінің арқауы – тек театр. Еңбек әділ бағалануы керек

https://aikyn.kz/231018/teatrdyn-bagy-da-sory-da-rezhisser-esmuhan-obaev/