Тұңғышбай Жаманқұлов: «...Аталарымыздың қасірет-шеменін жаныма жалау етіп, аспандап ұшқым келді...»
2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен жазылған «Ай мен Айша» драмасы (өңделген нұсқасы) алдын ала іріктеуден өтті. Осыған орай қойылымның режиссері, Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтан сұхбат алған едік.