ЖАҚСЫНЫҢ ЖОЛЫ

Сахна өнерін мұрат тұтқан әрбір суреткер үшін, Константин Сергеевич айтқан осы бір ұғым өмірлік ұстанымға айналуы шарт. Ғайникамал - сахна өнеріне деген адалдығынан еш жаңылмай, адамгершілік туын жықпай, шығармашылығымен де, адами қасиетімен де дәлелдеп келе жатқан актриса. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында елу жылдай тапжылмай еңбек етіп, сан қилы сахналық бейнелер галериясын жасап, кәсіби биіктікке көтеру үшін аянбай тер төкті: Мадлена Бежар («Жендеттер»), Мадам Сотанвиль («Ақымақ болған басым-ай!»), Пошлепкина («Ревизор»), Алмагүл («Көктөбедегі кездесу»), Рита, Санитарка, Келіншек («Штат қысқарту – қыздай жесір», «7-палата», «Кек»), Қамардың анасы («Қамар сұлу»), Гауһар («Әпке»), Салтанат («Абай-Әйгерім»), Сәлима («Отыз ұлың болғанша...») т.б. өз кезегінде театр мамандарынан жоғары бағасын алған бейнелер болды. Міне, осы бірнеше сахналық кейіпкердің өзінен-ақ, Ғайникамалдың сан қырлы актриса екендігін аңғару қиын болмас. Әубәкір Рахимов профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

https://adebiportal.kz/kz/news/view/zaqsylyq-muratbek-zaqsynyn-kozi__24295