М.Әуезов театрының Өзбекстанға гастрольдік сапары басталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы Өзбекстан астанасына гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. Өнерге шөлдеп, театрдың тылсымына бойлауға асыққан өзбекстандық көрерменнің қарасы қалың. Асанәлі Әшімов бастаған әртістер ұжымын жергілікті жұрт ыстық ықыласпен қарсы алды.