Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Almaty Theatre» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымының шымылдығы түрілді. Театарда маусымашар қойылым ретінде Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды. Маусымашарға арналған баспасөз мәслихатында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов өз тілегін білдірді. – Театрды ұлы адамдар бастаған. Сол ұлыларымыздың ізімен, солардың салған жолымен біздің театр айнымай жүріп келе жатыр. Осы дәстүрді жастарымыз жалғастырып кетсе, сол бақытымыз Үлкен театрдың 99 емес, 199 жылдығы да өтсін деп тілеймін, - деді Асанәлі Әшімов.