Мұхтар Әуезов театрының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимараты жақында толықтай қайта жаңғыртылатынын айтты. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтойына орай, яғни 2026 жылы аяқталады.Дегенімен, шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау, отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу жолындағы жұмысын тоқтатпайды.