ЗЕЛЛЕР ПЬЕСАСЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ САХНА

Француз драматургінің отбасы құндылығын биіктетуге үн қосқан спектаклі өз уақытында Парижде, Лондонда, Нью-Йоркте, Мәскеуде, Сиднейде, Гонконг театрларында қойылып, драматургияның ірі табысы ретінде бағаланып, күні бүгінге дейін режиссерлер қауымын қызықтырумен келеді екен. Әлемді адымдап жүріп қазақ елінің сахнасына да жеткен Флориан Зеллердің атақты пьесасының желісімен «Жан әке» атауын иеленіп, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жарыққа шығарған бетте «жақсыны көрмекке» деп ағылған көрермендер қатарынан біз де орын алуға қамдандық.

https://egemen.kz/article/333513-zeller-pesasy-dgane-bugingi-sakhna