ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Түркістанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының гастрольдік сапары басталды. Алғашқы боп белгілі драматург Роза Мұқанованың аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, келген қонақтарға өңір басшысының сәлемін жеткізді. Театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов түркістандық көрерменге алғысын білдіріп, ақ батасын берді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз бөлімі.