Театрымыздың артисі Күнсұлу Шаяхметова "Ерен еңбегі үшін" медалін иеленді

18:48 2025 жылы 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері қарсаңында марапаттады. Президентіміздің Жарлығымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының жоғары дәрежелі артисі, Мәдениет саласының үздігі Күнсұлу Тұрғынбекқызы Шаяхметова Ерен еңбегі үшін медалімен наградталды.