
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының толығымен қайта жөндеуден өтетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтой салтанатына орай, яғни 2026 жылы аяқталады.
Театр ғимараты күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық ұжымы республика аймақтары мен алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты қуантуда. Өнер иелерінің кезекті аялдамасы – Ақтау қаласы болмақ.
2025 жылдың 10-14 қыркүйегі аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры мен Абай атындағы мәдениет үйінің сахнасында таңдаулы қойылымдарын:
10 қыркүйек сағат 19:00-де Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» махаббат дастанын,
11 қыркүйек сағат 18:30-да Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклін,
11 қыркүйек сағат 21:00-де Михаил Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясын,
12 қыркүйек сағат 18:30-да Флориан Зеллердің «Жан әке (Қазағым, қайда барасың?!)» драмасын,
12 қыркүйек сағат 21:00-де ұжымдық жұмыс негізінде сахналанған «Сезім хаттары» лиро-эстетикалық поэтикалық кешін,
13 қыркүйек сағат 19:00-де Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасын,
14 қыркүйек сағат 19:00-де гастрольдік сапардың қорытынды қойылымы Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасын көрермен назарына ұсынады.
https://www.instagram.com/p/DMw7Zhzi5Ee/?img_index=1&igsh=eXEzYmJ6dGp2dTNm