САХНА СЫРТЫ: ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ АРТИСТЕРІ ҚОЙЫЛЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛАДЫ?

Әкемтеатр артистері жыл бойы көрерменге рухани азық сыйлап, күн сайын сахнаға шығады. Әдемі костюмдерімен, ерекше декорациясымен, шебер ойындарымен көрерменді түрлі күйге бөлейді. Baribar тілшілері 27 наурыз — Халықаралық театр күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына барып, қойылым алдындағы дайындық процесін көріп, актерлармен әңгімелесіп қайтты.