
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының толығымен қайта жөндеуден өтетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтой салтанатына орай, яғни 2026 жылы аяқталады.
Театр ғимараты күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық ұжымы республика аймақтары мен алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты қуантуда. Өнер иелерінің кезекті аялдамасы – Атырау қаласы болмақ.
2025 жылдың 15-18 қыркүйегі аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры мен Атырау Жастар театрының сахнасында таңдаулы қойылымдарын:
15 қыркүйек сағат 19:00-де Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясын,
16 қыркүйек сағат 18:30-да Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясын,
16 қыркүйек сағат 21:00-де Сәуле Досжанованың «Махаббат пен қасірет» комедиясын,
17 қыркүйек сағат 18:30-да Рахымжан Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасын,
17 қыркүйек сағат 21:00-де ұжымдық жұмыс негізінде сахналанған «Сезім хаттары» лиро-эстетикалық поэтикалық кешін,
18 қыркүйек сағат 18:30-да Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасын,
18 қыркүйек сағат 21:00-де гастрольдік сапардың қорытынды қойылымы Михаил Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясын көрермен назарына ұсынады.
https://www.instagram.com/p/DMw7t-WC9EO/?igsh=MXhyZmoyM215bzNidg==