ПРЕМЬЕРА АПТАЛЫҒЫ: ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНДА «КАССАНДРА ТАҢБАСЫ» САХНАЛАНДЫ

4 сәуір күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романының желісімен қойылған футуристік трагедиясының премьерасы өтті.