ДРАМАТУРГИЯ – ӨМІР ШЫНДЫҒЫ, ОҒАН ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Қайырлы күн, ардақты қаламгерлер, құрмет­ті әдебиет жанашырлары! Бүгінгі менің баяндамамның негізгі тақырыбы – ұлт­тық драматургиямыздың өткен жылғы жетістеріне шолу және қазіргі таңдағы Қазақ­станда 60-қа жуық театрдың репертуарында драматургтердің алатын орны жайлы болмақ. Театр – қашан да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның мәңгілік тартысының ордасы. Қазір республикалық театрларымызда заманауи тақырыптар замандас бейнесін, бүгінгінің қаһармандарын, әлеумет­тік мәселелерді сахнаға шығару жағы драматургияның шартына айналып отыр.