БӨТЕН (әңгіме)

Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Төсектен баяу тұрып, терезе жаққа кетіп бара жатқан өзінің екінші сыңарын сезіп жатыр. Қорқытып алмайын дегендей баяу ғана көзін кезекпен ашты да, аса сақтықпен сыңарының артынан терезе жаққа қарады. Өзінен бөлініп шыққан өзі терезе жақтауына арқасын қойып әйнектің арғы бетінде айдың сәулесі шағылысып тұрған, бір ай бұрын байқамай сынып кеткен шыны қалдықтарына қарап отыр.