Мадина Омарова: Қазақстанда «әдебиет – әдебиет үшін» қағидасы басым

Қазақ әдебиетіне этюдтік проазасымен, терең магиялық қатпарымен өзіндік үнін қосқан Мадина Омарованың шығармалары оқырман қауымға етене таныс. Белгілі сыншы Әлия Бөпежанова: «Мадинаның әңгімелері қысқа, кейде мүлдем қып-қысқа – миниатюра, этюд, суреттеме сияқты. Солай бола тұра көтерілетін мәселесінің тереңдігі мен өмірлік материалының ауқымдылығы жағынан алғанда өте салмақты болып келеді. Кең жайылып жатқан сюжет жоқтың қасы. Сюжеттің кең қанат жаймауынан ішкі бір үлкен қуат сезіледі. Жалпы М.Омарованың прозалық шығармаларының қай-қайсысында да анық та, көзге бірден ұрмайтын да драматизм бар» дейді.