«Кассандра таңбасы»
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры Ш.Айтматовтың «Кассандра таңбасы» футуристік трагедиясын Аридаш Оспанбаеваның режиссерлігімен көпшіліктің назарына ұсынды. Әдемілікті сүйетін театр қауымына премьералық атмосфера түзу аса маңызды болса керек. Есіктен кіргеннен безендіру мен қызметкерлердің құрақ ұшуы секілді көріністі іздеп келген біздің алдымыздан мамыражай режимде жұмыс істеп тұрған әкімшілік кездесті. Жалтақтай қараған күйі залға еніп кеттік. Хош делік, қойылым басталып кетті. Жарық сөніп, этика ережелерін дабылдап айтып жатқан сәтте драматургия еріксіз еске оралды.