«Театрдың техникалық жағы сіңіріне ғана ілініп тұр». Директор Әуезов театрының жағдайы туралы айтты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 98-маусымы ашылды. Енді саф өнермен сусындағысы келген жұрт «Әкемтеатрға» ағылатыны анық. Бізге «Әуезов театрының ғимараты екі жыл жөндеуге жабылып, қойылымдар өзге жерде өтеді» деген ақпарат жеткен. Бірақ жаңа маусым қара шаңырақтың өзінде басталып жатыр. Осы ақпараттың анық-қанығын сұрап, жаңа маусымға жоспарын білу үшін «Әкемтеатрға» бардық. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург, театр сыншысы, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек мән-жайды толық түсіндіріп берді.