СЫН МЕН ПІКІРДІ ШАТАСТЫРМАЙЫҚ!

Әдетте біз қойылым кезінде актерлердің шеберлігіне ерекше мән береміз де, сахнаның ар жағындағы мамандардың еңбегі ескерусіз қалады. Ал шындығында, спектакльдің сәтті шығуы қоюшы-суретшіге де байланысты. Сценограф қойылымның басынан аяғына дейін режиссердің халыққа жеткізгісі келген ойын дәл тауып, көрерменге жеткізе білуі керек. Біз Алматыдағы киелі қарашаңырақ – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қоюшы-суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Сапаровқа жолығып, отандық сценографияның қыр-сыры жайында әңгімелеп беруін өтіндік.

https://jasqazaq.kz/syn-men-pikirdi-shatastyrmajykh/