КҮЛЕ ОТЫРЫП ЖЫЛАДЫҚ

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 98-маусымы жаңаша қарқынмен, өзгеше стильде басталғандай. Көпшілікке қалыптан тыс дүние өрескел қателік болып көрініп, шығармашылық жұмыстың сыналып жататын сәттері, әрине, болады. Бізді сүйсінткен дүние – жас режиссер Әлібек Өмірбекұлының шығармашылық еркіндікке толы ізденісі мен қайсарлығы. «Құйынның» премьерасынан соң театрсүйер қарапайым көрермен мен театр сыншылары режиссерді даттаушылар мен мақтаушылар деп екіге бөлінгендей-ақ көрінді. Бірі жас маманның режиссерлік жаңа тәсілін бағаласа, бірі ұлттық театр деңгейін төмен түсірді деген пайымда. Біз де «Құйынды» өз түсінігімізше талдап көрдік.