Сахнадағы «Құйын»

Шығармашылық дәстүрде қалыпқа түскен ескі дағдыны бұзып, қаңқасынан жаңа дүние жасап шығаруға әрекеттену – еркін ойлы бүлікшілерге тән мінез. Адамның арман-аңсарын жаныштап, шірітіп, шектеу мен тұйықтыққа апарып тірейтін қоғамның тұлға дамуын үнемі тежеп отыратынына келісе алмайтын бүлікшіл өзінің де, өзгенің де жеке шекарасын кеңейту арқылы сол қысымнан құтқарғысы келеді. Тар қапасты, ескі ереженің бәрін талқандап, тың тақырып тапқысы келгендегі мақсаты сол.