kz ru en
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Афиша Репертуар Байланыс телефондары
Театр туралы
Театр туралы Тарих Мұражай 3D-тур Зал сызбасы Театр әдебі Біздің серіктестер Жаңалықтар Байланыс телефондары
Театр ұжымы
Театр ұжымы Актерлер Шығармашылық құрам Басшылық
Ақпарат
Ақпарат Касса Гастрольдік орталық Байқау Мемлекеттік сатып алулар Адалдық алаңы БАҚ үшін БАҚ біз туралы Бос орындар
+7 (727) 378-53-85
teatr_auezov@bk.ru
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
лого
kz
  • kz
  • ru
  • en
меню Мәзір
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Жаңалықтар Театр ұжымы Билет алу
Басты бет
БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қостанай қаласына гастрольдік сапармен барады

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қостанай қаласына гастрольдік сапармен барады

2024 жылдың 09-14 қазан аралығында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Қостанай қаласына гастрольдік сапармен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 1926 жылы 13 қаңтарда өз шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашқан, осы уақытқа дейін үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 2026 жылы ғасыр толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимараты толығымен қайта өңдеуден өтетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтойына орай, яғни 2026 жылы аяқталады. Дегенмен, шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы көркем өнер туындысын биіктетіп, жаңа тұрпатты мәдениет жасау, отансүйгіштік пен ізгілікті, адамгершілік пен сұлулықты дәріптеу жолындағы жұмысын тоқтатпайды. 99 - театр маусымының шымылдығын түрген Әкемтеатр ұжымы биылғы жылын «Гастроль маусымы» деп жариялайды. 2024 жылдың 08-14 қазан аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық Қазақ драма театры сахнасында таңдаулы қойылымдарын көрермен назарына ұсынады.
21 қыркүйек 2024
Открылся новый сезон театра имени Мухтара Ауэзова

Открылся новый сезон театра имени Мухтара Ауэзова

Ранее было заявлено, что здание театра будет полностью отремонтировано к юбилею, сообщает Vecher.kz. В Almaty Theatre состоялась церемония открытия 99-го сезона Казахского национального драматического театра имени Мухтара Ауэзова. В рамках мероприятия был представлен спектакль Габита Мусрепова «Козы Корпеш – Баян Сулу», ставший классикой казахской литературы. Театр, открывший свой занавес 13 января 1926 года трагедией Мухтара Ауэзова «Енлик-Кебек», прошел значительный путь, став символом национального искусства. В 2026 году он отметит свое столетие. Ранее было заявлено, что здание театра будет полностью отремонтировано к юбилею. В данное время коллектив одного из старейших храмов искусства страны продолжает активно развивать художественное творчество, создавать новые произведения. На церемонии открытия присутствовали видные деятели культуры и искусства, представители общественности, которые поздравили коллектив театра с началом нового сезона и выразили поддержку в преддверии значимых изменений. – Я думаю, что 99 лет – это не просто дата, а важная веха в истории нашего театра, который стал настоящей гордостью Казахстана. За эти годы он подарил зрителям бесценные моменты искусства, сохранил и приумножил культурные традиции. Театр объединяет поколения, воспитывает в людях любовь к высокому. От всего сердца поздравляю всех, кто был и остается частью этого великого пути! Уверен, что молодежь, которой сегодня выпадает уникальный шанс, продолжить развивать эти традиции, пронесет их в будущее. Каждый спектакль – это шаг вперед, а каждый зритель – вдохновение для новых достижений. Пусть впереди будет еще множество творческих побед и ярких премьер, которые будут радовать и восхищать не одно поколение, – сказал художественный руководитель Казахского национального драматического театра имени Мухтара Ауэзова Асанали Ашимов. Аружан ТОКТАМЫСОВА
21 қыркүйек 2024
Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды  Дереккөз:: https://qazradio.fm/classicfm/kz/news/3809/ Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.

Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды Дереккөз:: https://qazradio.fm/classicfm/kz/news/3809/ Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.

«Almaty Theatre» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымының шымылдығы түрілді. Театарда маусымашар қойылым ретінде Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды. Маусымашарға арналған баспасөз мәслихатында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов өз тілегін білдірді. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек театр ғимаратының екі жылға жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын айтты. Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы-режиссер Әлімбек Оразбеков кітабының тұсаукесері өтті. Дереккөз:: https://qazradio.fm/classicfm/kz/news/3809/ Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.
20 қыркүйек 2024
Әкемтеатрдың 99-шы маусым шымылдығы өзге ғимаратта ашылды

Әкемтеатрдың 99-шы маусым шымылдығы өзге ғимаратта ашылды

16 қыркүйек күні «Almaty Theatre» театрында ғасырға жуық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа маусым «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымымен ашылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ғасырға жуық тарихы бар театрдың жаңа маусымының өзге ғимаратта ашылу себебі, қазір Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында мәлімдеген еді. Өнер ордасындағы жұмыстарды театрдың 100 жылдық мерейтойына орай аяқтау жоспарланған.
20 қыркүйек 2024
"Almaty Theatre" театрында Мұхтар Әуезов театрының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтеді

"Almaty Theatre" театрында Мұхтар Әуезов театрының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтеді

2024 жылдың 16 қыркүйек күні «Almaty Theatre» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымының ашылу салтанаты өтеді, маусымашар қойылым ретінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанады. 1926 жылы 13 қаңтарда өз шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашқан, осы уақытқа дейін үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 2026 жылы ғасырлық тойын тойламақ.
20 қыркүйек 2024
Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды

Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Almaty Theatre» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымының шымылдығы түрілді. Театарда маусымашар қойылым ретінде Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды. Маусымашарға арналған баспасөз мәслихатында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов өз тілегін білдірді. – Театрды ұлы адамдар бастаған. Сол ұлыларымыздың ізімен, солардың салған жолымен біздің театр айнымай жүріп келе жатыр. Осы дәстүрді жастарымыз жалғастырып кетсе, сол бақытымыз Үлкен театрдың 99 емес, 199 жылдығы да өтсін деп тілеймін, - деді Асанәлі Әшімов.
20 қыркүйек 2024
1 2 3 4 5 6 ... 29 30
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Антикор Айлық афиша Ағымдағы репертуар Театр туралы Театр ұжымы Билет алу Сатып алу Билет қайтару
Мекен-жай
Алматы қаласы, Абай даңғылы 103
Email
teatr_auezov@bk.ru
Телефон
+7 (727) 378-53-85
Байланыстар
Антикор Мемлекеттік сатып алу Гастрольдік орталық БАҚ біз туралы Жария оферта Құпиялық саясаты
kz ru en
facebook
instagram
vkontakte
youtube
TikTok
Telegram
©2025, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
Жоба - Offlime