Жаңалықтар

16 наурыз
Хабарландыру
Шынар Жанысбекова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі: Жасампаздық пен жаңарудың бастауы
Наурыз – барша қазақтың ерекше күтетін ғажап мерекесі, Ұлыстың ұлы күні. Өйткені бұл күні күн мен түн теңеседі, халық қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, Самарқанның көк тасы жібиді, жаңа жыл басталады.
15 наурыз
Хабарландыру
Есмұхан ОБАЕВ: Театрдың ары мен паспорты – режиссер
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты, актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Есмұхан ОБАЕВПЕН сұхбат.
9 наурыз
Хабарландыру
Болат Әбділманов: Қарындастан айрылған жаман екен, қаракөзден мөлтілдеп жас келеді
Ол елімізге Абай образымен танылған тұлға. Өзінің шығармашылық жолында елі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Болат Әбділмановпен сұхбатымыз қоғамдағы өзекті мәселелердің төңірегінде өрбіді.
9 ақпан
Хабарландыру
Тәлкекке түскен тағдырлар
Мұхтар Әуезов театры жыл­ашар шы­мылдығын Флориан Зел­лердің «Әке» пьесасы премьерасымен ашты. Орыс тілінен аударған – Қазақстанның Ха­лық әртісі Тілектес Мей­рамов.
28 қаңтар
Хабарландыру
24 қаңтар
Хабарландыру
Зеллер пьесасы және бүгінгі сахна
Француз драматургінің отбасы құндылығын биіктетуге үн қосқан спектаклі өз уақытында Парижде, Лондонда, Нью-Йоркте, Мәскеуде, Сиднейде, Гонконг театрларында қойылып, драматургияның ірі табысы ретінде бағаланып, күні бүгінге дейін режиссерлер қауымын қызықтырумен келеді екен. Әлемді адымдап жүріп қазақ елінің сахнасына да жеткен Флориан Зеллердің атақты пьесасының желісімен «Жан әке» атауын иеленіп, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жарыққа шығарған бетте «жақсыны көрмекке» деп ағылған көрермендер қатарынан біз де орын алуға қамдандық.
13 қаңтар
Хабарландыру
«ЖАН ӘКЕ»: ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?..
Жаңа жылдың жетінші күні марқұм Қалихан Ысқақ ағамыздың дуалы аузымен «Әкемтеатр» деп аталып кеткен, сол атауы жанға жылы тиетін еліміздің бас театры Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық академиялық қазақ драма театрында «Жан әке» («Қазағым, қайда барасың?») деп аталатын спектакльдің премьерасы болды. Француз драматургы Флориан Зеллердің пьесасын Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрам орыс тілінен аударған екен, сол мәтіннің негізінде қазақша нұсқасын жасап шыққан әрі басты рөлді сомдаған – Болат Әбділман, режиссері – Асыл Құдайберген.
12 қаңтар
Хабарландыру
12 қаңтар
Хабарландыру
«ЖАН ӘКЕ» – ШЫНАЙЫ ӨМІРДІҢ ШЫНДЫҒЫ
Бас кейіпкерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады. Өмірдің қызық-қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ бақилық болғалы мүсәпір күйге түскен қарияның халі аянышты.