2022 жылдың 7 қараша күні М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған VІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты кешке Қазақстан Респбуликасының «Мәдениет және спорт» министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы арнайы келіп, фестиваль қатысушыларын құттықтап, қатысушы театрларға дипломдарын табыстады.
1-7 қараша аралығында осы өнер додасында бой көрсеткен барша театр ұжымдары фестивальге қатысқаны үшін Қазақстан Респбуликасының «Мәдениет және спорт» министірігінің дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының белгілі жазушысы, драматург, өнер жанашыры, Түркі Мәдениеті Халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтанбай Раев және Түркі Мәдениеті Халықаралық ұйымының кеңесшісі Мұханов Қайрат Саматұлы қатысып, М.Әуезов атындағы сыйлықтарды табыстады.
Фестивальдің «Актерлік үздік ансамбль», «Поэзияның сахналық көрсетілімі үшін», «Үздік сценографиялық шешім» жүлделерін театртанушы, өнертану докторы, профессор, Өзбекстан Көркемсурет академиясының "Саньат" журналының бас редакторы Қадырова Диляфруз Мухсинқызы табыстады.
«Екінші пландағы әйел адам бейнесі» жүлдесін Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері, «Джумхурият» газетінің мәдениет және ағарту бөлімінің меңгерушісі – Таваров Мухамадулло Султонұлы табыстады.
«Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі» жүлделерін театртанушы, өнертану кандидаты, «Петербург театр журналының» бас редакторы, Ресей мемлекеттік сахна өнері институтының орыс театры кафедрасының профессоры - Дмитревская Марина Юрьевна табыстады.
«Ұлттық классиканы көркем игергені үшін» және «Үздік режиссура» жүлделерін театртанушы, өнертану докторы, Әзірбайжан Мемлекеттік Мәдениет және Өнер университетінің профессоры - Исрафилов Исрафил Рамазанұлы табыстады.
Орта Азия елдері театр фестивалінің ең басты жүлдесі «Үздік спектакль» номинациясын қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті, профессор - Асанәлі Әшімов табыстады.
VIII Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары:
- «ҮЗДІК СПЕКТАКЛЬ» –– «ШАҒАЛА», автор А.Чехов, режиссер Е.Нұрсұлтан. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
- «ҮЗДІК РЕЖИССУРА» –– ТИМУР КУЛОВ / Драма «Лютый, автор М.Әуезов. Ақмола облыстық орыс драма театры
- «ҰЛТТЫҚ КЛАССИКАНЫҢ КӨРКЕМДІК ДАМУЫ ҮШІН» –– «ҚАН МЕН ТЕР. АҚБАЛА», автор А.Нүрпейісов, режиссер А.Оспанбаева. М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
- «ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ» –– НҮРКЕН ӨТЕУІЛ / «Дон Кихот» трагикомедиясындағы Санчо рөлі үшін. Автор М.Сервантес, режиссер А.Өмірбекұлы
- «ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ» –– ГҮЛБАХРАМ БАЙБОСЫНОВА / «Шағала» трагедиясындағы Нина Заречная рөлі үшін, автор А.Чехов, режиссер Е.Нұрсұлтан. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры
- «ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» –– СУРАЙЕ ХОДЖАЕВА / «Летающий лекарь» комедиясындағы жиенінің рөлі үшін, автор Ж.Мольер, режиссер С.Шехов. К. Худжанди атындағы музыкалық комедия театры
- «ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» –– АЗИЗА БЕГМАТОВА / «Хазина» комедиясындағы әжесінің рөлі үшін, автор Н.Думбадзе, режиссер М.Реймов. Өзбекстан мемлекеттік драма театры
- «ЕҢ ҮЗДІК СЦЕНОГРАФИЯЛЫҚ ШЕШІМ» –– ӘЛІБЕК ӨМІРБЕКҰЛЫ / Спектакль «ДОН КИХОТ» автор М.Сервантес, режиссер А.Өмірбекұлы. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры
- «ПОЭЗИЯНЫ САХНАҒА ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАНЫ ҮШІН» –– Пластикалық спектакль «НА ЗАРЕ» / автор С.Рамиев, режиссер Т.Имамутдинов. Т.А.Миннуллин атындағы Нижнекамск мемлекеттік татар драма театры
- «ҮЗДІК АКТЕРЛЫҚ АНСАМБЛЬ» –– Спектакль «МашҺур Гален» / автор К. Чапек, режиссер Г.Адай. Қ.Құжамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры