ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2022 жылдың 23-27 қараша аралығында Атырау қаласында өткен Р. Отарбаевтың IV Республикалық театр фестиваліне М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Қытайдан жеткен сәлемдеме»  спектаклімен қатысып,  Бас жүлдеге ие болды. 

Театрымыздың актері Мұхтар Қапалбаев «Өмірбай» рөлі үшін — «Үздік ер адам бейнесі», театрымыздың актрисасы Арай Өмірова «Әсемай» рөлі үшін — «Үздік әйел адам бейнесі»  номинацияларын жеңіп алды. 

М. Әуезов атындағы Ұлттық театр ұжымы атынан «Қытайдан жеткен сәлемдеме» спектаклінде ойнаған барша актерлер құрамын құттықтай отырып,  Мәдениет және өнер саласындағы қызметтеріңізге жеміс тілейміз!

Сахналық нұсқасын жасаған — Ж. Мұратбек
Режиссері — А. Қабдешова


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.