"ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2022" театр фестивалінің жеңімпаздары

КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің  90 жылдығына арналған  «ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2022» жаңа қойылымдар театр фестивалінінің атаулы жүлде иегерлерімен таныс болыңыздар:  

•     «Ә.Мәмбетов атындағы»  жүлдесімен М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклі үшін -  режиссёр Елік Нұрсұлтан.

•     «Ш.Жандарбекова атындағы» жүлдесімен  Ж.Бауыржанқызының «Қайдасың, мама?!» спектакліндегі Сара рөлі үшін -  Зәуре Көпжасарова.

•     «Қ.Жетпіспаев атындағы» жүлдесімен  Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер. Ақбала»  спектаклінің режиссёрі -  Аридаш Оспанбаева.

•     «Б.Жанғалиева атындағы» жүлдесімен Қ.Бегмановтың «Менің Мұстафам!..»   спектакліндегі Мария рөлі үшін - Күнсұлу Шаяхметова.

•     «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен М.Әуезовтің «Қарагөз» спектакліндегі Сырым рөлі үшін және  Д.Исабековтің «Мақшар түнгі махаббат» спектакліндегі Құрбан рөлі үшін -  Нұрғиса Қуанышбайұлы.

•     «Үздік әйел адам бейнесі»  жүлдесімен  Б.Шоудың «Сүйікті менің періштем» спектакліндегі Элиза рөлі үшін -  Әсел Сайлауова.

•     «Екінші пландағы ер адам бейнесі»  жүлдесімен  Б.Шоудың «Сүйікті менің періштем» спектакліндегі Пикеринг және Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер. Ақбала»  спектакліндегі Фёдоров рөлі үшін -  Жасұлан Байсалбеков.

•     «Екінші пландағы әйел адам бейнесі»  жүлдесімен  Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» спектакліндегі Базаркүл рөлі үшін -  Шынар Асқарова.

•     «Үміт» жүлдесімен Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» спектакліндегі жас Өмірбай рөлі үшін - Әлсейіт Есбатыров.

•     «Көрермен көзайымы» жүлдесімен Д.Исабековтің «Мақшар түнгі махаббат»  спектакліндегі Кенжеғұл рөлі үшін - Мағжан Асаубай.


Өзге жаңалықтар

30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
26 мамыр
Хабарландыру